Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник

Культура

«Гүлсанат» би тобының есептік концерті
Би – өнердің көнеден келе жатқан бай бір түрі, қызықты, сан қырлы, жарқын, эмоциялық әсерге толы жанр. Сән мен уақыт ағымы халықтың тарихын бойына сіңірген халық биіне әсер ете алмады, оны жер бетінен жойып та жібере алмады. Әр халық, әр ұрпақ өз ата-бабаларын ұмытпауға тырысып, олардың өмірінен көрініс беретін әр өнер түрін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тырысады. Ал, би болса ол өмірдің ерекшелігін, санқырлылығын ашып беруге жәрдемдеседі. Жақында халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс-салтымен біте қайнасып келе жатқан, ел мұрасы болып табылатын би өнерін дәріптеп жүрген сұлулық пен бекзаттығымен ерекшеленетін «Гүлсанат» би студиясы есептік концерті өтті.