Культура

ТАЛАНТ ДАРАБОЗДАРЫ
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениет-тің өзекті бөлігі – өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәден-еттің болсын рухын сезіне алмаймыз.

«Алтын таяқша» және «Кестелі орамал» байқауы өз мәресіне жетті
Алматы облысында Бикен Римова атындағы драма театрда Мұқан Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы өз мәресіне жетіп, салтанатты гала-концерт өтті.

Алматы облысында «Алтын таяқша» дирижерлер және «Кестелі орамал» вокалистер байқауы басталды
Талдықорғанда қазақтың көрнекті композиторы, КСРО халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұқан Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы басталды.

Тони Меммел: Мені бір адам ғана тыңдаса да ол үшін ән айтуға дайынмын
Танымал американдық әнші, бірнеше әннің авторы, композитор Тони Меммел мен оның тобы Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін концерт өткізді.

От ауызды, орақ тілді ақындар Жетісу жерінде қайырымды концерт берді
Қасиетінен нәр алған,
Топырағынан жаралған.
Армысың, қайран Жетісу,
Алыптар шыққан ауылдан,-деп домбырасын күмбірлеткен айтыс өнерінің жүйріктері Жетісу төрінде ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен республикалық жоба «Ұлы Дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты концерт берді.