Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиАстана – золотая колыбель Независимости

Астана – золотая колыбель Независимости

АСТАНАНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ
Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.
ЕРКЕ ЕСІЛДІҢ ЕРЕКШЕ КӨПІРІ
Елордамыз – Ұлы дала төсіндегі туған жарық жұлдыз, әлем шаһары. Батыс пен Шығыс түйіскен сайын дала төсінде бүгінде көпжақты саяси және экономикалық қарым-қатынас орнап, мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық тоғыз жолдың торабында тоғысты. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясынан туындаған баламасыз туынды, ел тәуелсіздігінің басты символына айналған айбыны асқақ Астананың жиырма жылдығына орай, Атырау Елордаға ерекше көпір сыйлады.
ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТУ СЕНІМДІ
Бас қаламыз – Астананың 20 жылдығына орай Жетіген ауылында орналасқан 78639 әскери бөлімінде бірталай іс-шаралар атқарылды. Спорт – денсаулық кепілі, спорт – адамдарды бір-біріне жақындататыны, олардың арасындағы ұйымшылдықты арттыра түсетіні белгілі. Кіші авиациялық мамандарды даярлау мектебінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Б. Айниетовтың ұйымдастыруымен сарбаздар арасында шағын футболдан, қол күрестен жарыстар және әскери эстафета ұйымдастырылды.
ЕСІЛДІҢ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ӘСЕМ ҚАЛА
Сіз, бір уақыт болсын, айналаңызда жүрген қарттардың өткенімен қызығып көріп пе едіңіз?! Олардың тарихы, бірімізге ой салса, енді біріміздің көзқарасымызды өзгертеді. Бұл жолы, біз Іле ауданының «Құрметі азаматы», Қазақстан Республикасының дербес пенсионері атағына ие болып отырған Сәрсенова Даметкен Жайлауқызымен кездесіп қайттық. Әңгіме барысында, кейіпкеріміз Кремль өткен кездейсоқ кездесуі жайлы баяндап берді.
АСТАНА ТАМСАНДЫРҒАН ТАЛАЙДЫ
Өткен аптада Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай Чапай ауылдық Мәдениет үйінде мерекелік салтанатты шара үйымдастырылды. Еңселі Елорданың төл мерекесіне орай өткен мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары А. Қожабеков аудан тұрғындарын мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
<<
1
2 3 4 5 6 7 8 9 10 >>