Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиРухани Жаңғыру

Рухани Жаңғыру

ШЫНДЫҚ – СӨЗДІҢ, АР-ҰЯТТЫҢ АНАСЫ
Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы мәдени-рухани салаға тың серпіліс әкелді. Бұл – тарих ғылымын жүйелі түрде, жаңаша көзқараспен жазу, қазақ даласындағы өркениеттердің мәдени даму үдересіне қосқан үлесін айқындау. Елбасы: «Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ...» деген болатын.
НАҒЫЗ АЗАМАТТАР ТӘРБИЕЛЕУ
Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» жаңа бағдарламалық мақаласы Қазақстан халқының ыстық ықыласына бөленіп, қоғамда кең талқыға түсуде. Ол қазірден-ақ тарихи құжат деген атқа ие болып үлгерді. Елбасы бұл мақаласында Қазақстанның тарихын зерттеу және ұлттық мұрамызды паш етуге бағытталған ірі алты жобаны таныстырды.
ТУҒАН ЖЕР – АЛТЫН БЕСІК
«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ал бағдарламаның мәні неде?  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді.
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. Көреген көшбасшы Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігін беріп отыр. Тұңғыш Президент өз сөзінде: «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады. Ендеше, сенімнен шығып, бағдарламалық мақалада көрсетілген ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын барша қазақстандықтар келелі ойға салып, салиқалы пікір мен батыл шешімдерге ұмтылғаны абзал дер едім. Себебі, онда Елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Бұл әрине бүгінгі жаһандану кезеңінде Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.
ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру, насихаттау, талқылау және іске асыру бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.  Мақалада көрсетілген «Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында «Саналы азамат» негізгі бағыты бойынша университетте «Ұлы дала жастары» атты жоба жасалып, бекітілді. Ақтөбе облысының "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жасалуда.
<<
1
2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 >>