Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиобществоЖАЛЫНДАЙТЫН КЕЗ КЕЛДІ
14 Июня 2019

ЖАЛЫНДАЙТЫН КЕЗ КЕЛДІ

Маусымның 9 жұлдызында еліміз тарихи қадам жасады. Бүкіл халық болып жаңа Президентін таңдады. Ал 12 маусымда Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өтіп, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырғаннан кейін:

«Алдымен зор сенім артқаны үшін қазақстандықтардың бәріне алғыс айтып, қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін атап өтті.

– Менің мақсатым – қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқығын қорғау. Қазақстанның ұлттық мүддесін әрқашан және барлық жерде қорғайтын боламын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті он негізгі бағытты белгілеп берді және олардың бәрін жүзеге асыруға дереу кірісу керектігін айтты. Атап айтқанда, халықтың табысын арттыру және әл-ауқатын жақсарту, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдар жасау, соттық-құқықтық реформа, әділетті әлеуметтік саясат, тұрғын үй мәселесін шешу, өңірлерді дамыту, тепе-теңдік және көп векторлы сыртқы саясат, сондай-ақ, жастарды қолдайтынын айтты.

Біз оқу орындарында және оны аяқтағаннан кейінде жастардың жұмыс тауып, қалыптасуына жағдай жасауымыз керек. Маған он бағыттың ішіндегі ұнағаны жастарды қолдауы болып тұр. Жаңа Президентіміздің «Халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау – баршамызға ортақ парыз» – деген сөзі барлығымызға талмас қанат, жұқармас үміт берері сөзсіз.

 

Автор: Ж. ТЕЛПЕКБАЕВА, облыстық мәслихат депутаты