Іле таңы қоғамдық -саяси газетінің жаңалық порталы
Басты бет
Басты бет
ru kz
Іле аудандық қоғамдық – саяси апталық
Басты бетЖаңалықАудандық мәдени шараларАлматы облысында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бір отбасыға баспана берілді
10 Маусым 2019

Алматы облысында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бір отбасыға баспана берілді

    Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округінде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде аз қамтылған отбасыға баспана берілді. «Қызылшоқы» шаруақожалығының басшысы Бекиев Алдан Ботайұлы Жүнісовтер отбасына 4 бөлмелі баспана кілтін тапсырды.

Қуанышы қойнына сыймаған Айдын Маратайұлы «Қызылшоқы» шаруақожалығының басшысы Бекиев Алдан Ботайұлына шексіз алғысын жеткізді.

     «Осы уақытқа дейін жұмыссыз, үйсіз жүрдік. Осындай мереке қарсаңында бізге баспана кілтін тапсырып, отбасымды қуанышқа бөлеп жатыр. Міне, Алдан Ботайұлы баспана беріп, жұмысқа тұрғызды. Алдан Ботайұлына алғысымыз шексіз», -деді жаңа үй иесі.

    «Міне бүгін осындай отбасына баспана кілтін тапсырғаныма, бүлдіршіндердің жүзіне күлкі ұялатқаныма өте қуаныштымын»-, дейді Алдан Ботайұлы.