Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник

Последние новости

ШЫНДЫҚ – СӨЗДІҢ, АР-ҰЯТТЫҢ АНАСЫ
Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы мәдени-рухани салаға тың серпіліс әкелді. Бұл – тарих ғылымын жүйелі түрде, жаңаша көзқараспен жазу, қазақ даласындағы өркениеттердің мәдени даму үдересіне қосқан үлесін айқындау. Елбасы: «Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ...» деген болатын.
Баламалы энергия-заман талабы
Жетісу өңірінің шалғай ауылдары күннен қуат алатын электр станциялармен толық қамтылуы тиіс. Бұл әсіресе шаруа қожалықпен айналысатын тұрғындар үшін тиімді. Себебі, таулы аймақтарға арнайы жарық жүйесі жүргізілмеген. Сол себепті шағын күн электр станциясын орнатылуы керек.
Экстремалды спорт қарқынды дамуда
22-30 маусым аралығында Алматы облысының Жоңғар Алатауы, Ескелді ауданының Екпінді ауылы сияқты табиғаты көркем жерлерінде үш ірі халықаралық спорт шарасы өтеді. Бұл жайлы өңірлік экстремалды жарыс өкілдері федерациясы өңірлік комуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. Жарыс бағдарламасы бойынша алдымен Азия біріншілігі жалауын желбіретеді.
Мемлекеттік қызметшілер арасында пейнтболдан жарыс өтті
Алматы облысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай пейнтболдан облыстық жарыс өтті. Оған Жетісу өңірінен 12 команда қатысты.
Читать все новости